Заңсыз кесілген шырша үшін жауапқа тартылады
Қазақстанда шыршаны кескен адамдарға айыппұл салынады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Жылда желтоқсанда мереке жақындаған сайын жаңа жылдың символы – шыршаға сұраныс арта түседі.
Әкімшілік кодекстің 381-1-бабына (Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау) сәйкес, заңсыз кесілген шырша үшін – 50-ден 150 АЕК-ке дейін (172-ден 517 мың теңгеге дейін) айыппұл қарастырылған. Табиғатқа келтірілген шығынды да төлеуге тура келеді – тағы 15 АЕК (51 750 теңге).
Оқи отырыңыз: Еуропадағы қыс: Германияда үш адам қаза тапты