Ақтөбеде заңсыз онлайн-обменник арқылы есірткі саудасын қаржыландырған 8 адам ұсталды
Қылмыстық схеманы ұйымдастырушы қамауға алынды
Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті есірткі сататын интернет-дүкеннің мүддесі үшін төлемдерді қабылдауды және ақша қаражатын аударуды қамтамасыз еткен қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тергеу мәліметтері бойынша, Ақтөбе тұрғыны әлеуметтік желілерде айырбастау пункмін (обменник) ұйымдастырып, оның жұмысына жеті сыбайласын тартқан. Қатысушылар міндеттерін бөліскіні, күндізгі және түнгі ауысымдарда жұмыс істей отырып, төлемдерді тәулік бойы өңдеуді жолға қойған.
Интернет-дүкеннің операторлары сатып алушыларды тапсырыс үшін ақы төлеу мақсатында осы обменникке бағыттаған. Төлем расталғаннан кейін сатып алушыларға есірткі заттары бар жасырын орындардың (закладкалардың) координаттары хабарланған.
Обменник арқылы күн сайын 50-ден 70-ке дейін төлем операциясы жүргізіліп отырған. Ақша қаражатын қабылдау үшін үшінші тұлғаларға – дропперлерге ресімделген 22 банк картасы пайдаланылған.
Кейіннен түскен қаражат криптовалютаға айырбасталып, есірткі бизнесінің кураторлары бақылайтын әмияндарға аударылып отырған.
Аударымдардың жалпы сомасы 918 мың USDT-ден асты, бұл 400 миллион теңгеден асады.
Қылмыстық схеманы ұйымдастырушы қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасуда.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Оқи отырыңыз: Қысқы дөңгелек ауыстыру құны қанша: өңірлердегі баға белгілі болды