Арнайы операция: Ақтөбеде синтетикалық есірткі тарататын ірі арнаның жолы кесілді
Ұсталғандар қамауға алынды
Ақтөбеде көлік полицейлері синтетикалық есірткі тарататын ірі арнаның жолын кесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Арнайы операция барысында жедел уәкілдер 10 келі Альфа-PVP психотроптық затын тәркілеп, ірі есірткі дүкенін жабдықтау арнасын бұғаттады және тұтынушыларға мыңдаған біржолғы дозаның жетуіне жол бермеді.
Қылмыстық топ иерархия бойынша көлеңкелі сегменттің жолға қойылған схемасымен әрекет етіп, анонимді оператордың нұсқауларын орындай отырып, есірткі дүкенінің "қоймашылары" ретінде жұмыс істеген.
"Қылмыстық ниетті жүзеге асыру үшін қаскүнемдер жеке үйді жалға алып, кейіннен оны өлшеп-орау цехы ретінде пайдаланған. Үй-жайды тінту барысында психотроптық заттар салынған 5 пакет табылды", - делінген хабарламада.
Тергеу барысында ұсталғандар кінәларын мойындап, есірткі жасырылған орынның қайда орналасқанын айтты. Соның нәтижесінде орман алқабындағы аталған жерден есірткі салынған тағы 10 пакет тәркіленді.
Психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде өткізу фактісі бойынша Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды
Енді фигуранттарға мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр. Ұсталғандар қамауға алынды.
Оқи отырыңыз: Қазақстан әлемдік волонтерлік қозғалыстағы орнын нығайтып келеді