Қауіпсіздік жауапкершіліктен басталады: полиция жүргізушілерге жол ережесін еске салды

polisia.kz
polisia.kz

Жол қауіпсіздігі – баршаға ортақ жауапкершілік

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Талдықорған қаласының аумағында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері облыс прокуратурасының өкілдерімен бірлесіп, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шара өткізді, деп хабарлайды  Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Іс-шара барысында Ерекше назар белгіленген жылдамдық режимін сақтау, қауіпсіз маневр жасау, қауіпсіздік белдігін пайдалану, көлік құралын мас күйінде басқаруға жол бермеу және балаларды қауіпсіз тасымалдау талаптарына аударылды.

Сонымен қатар жүргізушілерге жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптары көрсетілген ақпараттық жадынамалар таратылды.

Аталған профилактикалық іс-шара "Заң және Тәртіп" қағидаты аясында өткізіліп, жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершілігін арттыруға, құқықбұзушылықтардың және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталды.

Полиция мен прокуратура өкілдері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдықты асырмауға, жолда мұқият әрі жауапты болуға шақырады.

"Жол қауіпсіздігі – баршаға ортақ жауапкершілік", - дейді тәртіп сақшылары.

Оқи отырыңыз: Бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік бағасы арзандады