Қазақстанда ұрлық деректері 18,4 пайызға азайды
Қазақстанда жыл басынан бері ұрлық жасағаны үшін 9 мыңнан астам адам ұсталды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, елде тіркелген ұрлық деректері былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,4 пайызға азайған. Оның ішінде пәтер ұрлығы 23,3 пайызға, ал мал ұрлығы 6,7 пайызға төмендеген, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сонымен қатар аталған қылмыс түрлерін ашу көрсеткіші де жақсарған. Ведомство өкілдерінің айтуынша, жыл басынан бері полиция 1200-ден астам қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойған.
«Жыл басынан бері Қазақстандағы ұрлық саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,4 пайызға азайды. Сондай-ақ пәтер ұрлығы 23,3 пайызға, мал ұрлығы 6,7 пайызға төмендеді. Сонымен қатар аталған қылмыс түрлерін ашу көрсеткіші де жақсарды. Ішкі істер министрлігі азаматтарды өз мүлкіне жауапкершілікпен қарап, қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады», – деді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Полиция тұрғындарды баспана қауіпсіздігіне бейжай қарамауға шақырады. Әсіресе, есіктің беріктігіне және қосымша қорғаныс құралдарын орнатуға мән берген жөн.