«Қазатомөнеркәсіптің» топ-менеджері жемқорлық күдігімен ұсталды

Almaty TV
Almaty TV

Онымен бірге бірнеше адам да қамауға алынған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұлттық компаниялардағы жемқорлыққа қатысты тағы бір топ-менеджерді ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл жолы «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының өндіріс жөніндегі бас директоры Қуаныш Омарбеков күдікке ілінді. Онымен бірге бірнеше адам да қамауға алынған. Тергеу бұл істі «Самұрық-Қазынаның» бұрынғы басшылығы құрды деген болжамды жемқорлық схемамен байланыстырып отыр.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, 2026 жылғы 23 қарашада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма мүшесі Қуаныш Омарбековті және басқа да адамдарды ұстаған. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалған.

«2026 жылғы 23 қарашада ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма мүшесі Қ. Омарбековті және басқа да адамдарды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», – деді ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің қызметкері Қайырлы Ахмет.

Айта кетейік, 11 қарашада «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, «Қазақстан темір жолы» компаниясының басшысы Елжас Отыншиев және тағы бірнеше адам жемқорлық күдігімен ұсталған болатын. Енді осы іске «Қазатомөнеркәсіптің» топ-менеджері де қосылды.