Оңтүстікте жұмыс уақытында құмар ойын ойнаған шенеуніктер қызметінен қуылды

Almaty.tv фото көрнекілік үшін
Almaty.tv фото көрнекілік үшін

 Прокурорлардың хабарлауынша, тексеру кезінде мемлекеттік органдар қызметкерлерінің жұмыс уақытында құмар ойындарға қатысу фактілері анықталған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында мемлекеттік органдардың төрт қызметкері прокуратура тексерісінен кейін жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

 

 Прокурорлардың хабарлауынша, тексеру кезінде мемлекеттік органдар қызметкерлерінің жұмыс уақытында құмар ойындарға қатысу фактілері анықталған.

«Бұл әрекеттер мемлекеттік қызмет қағидаттарына, қызметтік әдеп талаптарына қайшы келеді және мемлекеттік органдардың беделіне нұқсан келтіреді», – делінген хабарламада.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, оны қарау нәтижесінде қызметкерлер атқарып отырған лауазымдарынан босатылған.

Оқи отырыңыз: Шымкентте 17 жастағы қызды алып қашқан жігіт пен оның достары сотталды