Өткен тәулікте Алматыда жол ережесін бұзудың 2 мыңнан астам дерегі анықталды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Мегаполисте жол қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткен тәулікте Алматы қаласының аумағында жол жүрісі қағидаларын бұзудың 2 240 фактісі анықталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Алматы қаласының прокуратурасынан хабарлағандай, оның ішінде жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіп төндіретін 259 өрескел құқықбұзушылық анықталған.

Анықталған құқық бұзушылықтардың ішінде:

  • көлік құралын масаң күйде басқару – 11 факт;
  • көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамдардың көлік құралын басқаруы – 2 факт;
  • маневр жасау қағидаларын бұзу, оның ішінде қауіпті маневр жасау («шашка») – 103 факт;
  • қауіпсіздік белдігін тақпау – 93 факт;
  • қарсы қозғалыс жолағына шығу – 8 факт;
  • көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдалану – 42 факт.

Сонымен қатар, 37 көлік құралы арнайы тұраққа қойылды.

Оқи отырыңыз: Алматыда 10-16 тамыз аралығында ауа райы қандай болады