ШҚО-да тағы бір ауыл ішімдіктен толық бас тартты

Фото ДП ВКО
Фото ДП ВКО

«Ішімдіксіз ауыл» бастамасын қолдаған 28-ші елді мекен болды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тарбағатай ауданының Қамысты ауылы республикалық «Ішімдіксіз ауыл» бастамасына қосылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ауылда 22 үй бар, онда 89 адам тұрады. Жергілікті тұрғындар ішімдіктен бас тартуын салауатты өмір салтына ұмтылумен, отбасылық құндылықтарды нығайтумен және балалар мен жастарды тәрбиелеу үшін қолайлы жағдай жасаумен түсіндіреді.

Қамысты Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Ішімдіксіз ауыл» бастамасын қолдаған 28-ші елді мекен болды.

ШҚО Полиция департаменті мұндай шешімдер құқық бұзушылықтың алдын алуға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға септігін тигізетінін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Алматыда 8-14 маусым аралығында ауа райы қандай болады