Заң мен тәртіп: Алматы жастары құқықтық мәдениетті нығайту мәселесін талқылады

Қоғамдық даму орталығы
Қоғамдық даму орталығы

Жастарға заңды құрметтеу мен жауапкершіліктің маңызы түсіндірілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы «Заң мен тәртіп» әлеуметтік жобасын іске асыру аясында жастармен кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында заңға және құқықтық тәртіпке құрмет қалыптастыру, олардың құқықтық мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігін арттыру.

Кездесуге заң ғылымдарының кандидаты Жәмиля Оспанова және Алматы қалалық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Дәурен Кобеев спикер ретінде қатысты.

Кездесу барысында заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және жастардың қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейту мәселелері талқыланды.

Іс-шараның басты бағыты – «Заң мен тәртіп» қағидатын кеңінен насихаттау және жастар арасында заңға құрметпен қарау, тәртіпті сақтау мен жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық теннисші Хорватиядағы турнирде күміс медаль алды