Жолдағы тәртіп: Алматыда өткен тәулікте қанша заңбұзушылық анықталды

primeminister.kz
primeminister.kz

19 көлік арнайы тұраққа қойылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткен тәулікте жол қозғалысы ережелерін бұзудың 2 031 дерегі анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv

Алматы қалалық прокуратурасынан хабарлағандай, оның ішінде жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіп төндіретін 180 өрескел бұзушылық бар, деп хабарлайды Алматы қаласының прокуратурасы.

Анықталған құқықбұзушылықтардың арасында көлікті мас күйінде басқарудың 11 дерегі тіркелген. Сондай-ақ көлік басқару құқығынан айырылған адамның көлік жүргізуінің бір жағдайы және қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерімен көлік басқарудың бір дерегі анықталды.

Бұдан бөлек, маневр жасау қағидаларын бұзудың 82 дерегі, оның ішінде қауіпті маневр жасау («шашки»), қауіпсіздік белдігін тақпаудың 59, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығудың 3 және көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдаланудың 23 дерегі тіркелді.

Жалпы, 19 көлік құралы мамандандырылған тұраққа қойылды.

Оқи отырыңыз: Заң мен тәртіп: Қазақстанда жарты жылда қылмыс деңгейі 10%-ға төмендеді