|
17.05.2017 | 10:33
1076

Алматыда сапасыз асфальт төсеген мердігер компаниялар лицензиясынан қағылмақ

Алматыда сапасыз асфальт төсеген мердігер компаниялар лицензиясынан қағылмақ

ссбай даңғылы мен Розыбакиев көшесіндегі мына шұңқыр - салғырт жұмыстың салдары. Анықталғаны - былтыр төңіректегі шағын кафе иесі кәріз құбырларын жүргізбек болып, жеке компания қызметкерлерін жалдаған. Олар тапсырылған істі немкетті атқарыпты. 

«Былтыр біз мердігерлерді жалдап, осы жұмысты жасатқанбыз. "Айсер" кафесіне кәріз құбырларын жүргізіп, орталық кәріз жүйесіне қостырғанбыз. Енді, көріп тұрсыздар, мына асфальт ойылып, ортасына түсіп кетті. Қазір мердігерлерді іздеп жатырмыз. 1-2 күнде тауып, асфальтты қалпына келтіреміз»,- деді "Айсер" компаниясының өкілі, Ерік ӘЛИЕВ.

Әуелде айтқанымыздай, өз істеріне немқұрайлы қараған мердігер компания басшыларына қатаң түрде шара қолданылады. Жуырда қала басшылығы арнайы тексеру ұйымдастырып, жолды жөнді жамамаған мекемелерді анықтауға кіріседі.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир