|
01.08.2017 | 11:28
1225

Жол апатынан екі аяғынан бірдей айырылған алматылық Екатерина ауруханадан шықты

Жол апатынан екі аяғынан бірдей айырылған алматылық Екатерина ауруханадан шықты


Жантүршігерлік жол апатына ұшырап, екі аяғынан бірдей айырылған алматылық Екатерина Парафиева ауруханадан шықты. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Онда Екатерина өзіне қол ұшын созғандарға, қолдау көрсеткендерге алғысын білдірген. Естеріңізге салсақ, жол апаты биыл маусым айында Әл-Фараби даңғылында болған еді. Екі жеңіл көлік пен автобустың қатысуымен болған қақтығыс кезінде екі қыз ауыр жарақат алған еді.  Жол апатынан кейін қыздың еміне мейірімді жандар ақша жинапта берген.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир