|
04.05.2024 | 10:35
1242

Алматыда «қоқыстан жасалған үздік арт-нысан» байқауының жеңімпазы анықталады

Барлығы 30-дан астам өтінім келіп түсті

Алматыда «қоқыстан жасалған үздік арт-нысан» байқауының жеңімпазы анықталады Алматы әкімдігі / пресс-служба акима Алматы

Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы «Алматы-біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында «қоқыстан жасалған үздік арт-нысан» байқауын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Байқауға кез-келген ниет білдіруші қатысты. Суретшілер, мүсінші, сәулетшілер мен өнер сүйер қауым белсенділік танытты. Өтінімдер биылғы жылдың 12-30 сәуірі аралығында қабылданды.

Барлығы 30-дан астам өтінім келіп түсті. Оның 15-і  конкурстың барлық шартына сәйкес келіп, мақұлданды. «Қоқыстан жасалған үздік арт-нысан» байқауының қорытындысы 8 мамыр күні сағат 14.00-де «Мусорги» флешмобы аяқталғаннан кейін шығарылады.

Жүлде қоры (демеушілік қаражат есебінен):

1 орын - 1 млн. теңге;

2 орын - 500 мың теңге;

3 орын - 300 мың теңге.

Конкурстық комиссияның құрамына Қастеев атындағы мұражай директорының орынбасары С. Кобжанова, «Алматы қаласы мұражайларының бірлестігі» КМҚК Алматы қаласы тарихы мұражайы бөлімінің басшысы А. Хожамұратова, «Aspan» қазіргі заманғы өнер галереясының директоры М. Қалиева, қазіргі заманғы өнердің кураторы әрі зерттеушісі В. Ибраева, «Artbat Fest» фестивалінің ұйымдастырушысы В. Слудский, Econetwork жобасының негізін қалаушы Мұхамеджанов Е.

Байқаудың негізгі мақсаты — тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау әрі ластану проблемаларына назар аудару, тұрғындарды тәртіпті, тазалықты сақтауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға ынталандыру.

Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында Алматыда  «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтіп жатыр. Әрбір тұрғын қаланың дамуы мен абаттандырылуына өз үлесін қоса алады.

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны туралы барлық ақпарат аlmaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналастырылған. Сондай-ақ  веб-сайтқа қала бойынша баннерлерде, плакаттарда арнайы орналастырылған QR-код арқылы да кіруге болады.

Әлеуметтік медиа науқанының белсенді қатысушыларына арналған хэштегтер:

#АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.

Оқи отырыңыз: Алматыда ғалым Әбдімәлік Нысанбаев пен суретші Сабыр Мәмбеевтің құрметіне мемориалдық тақта ашылды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир