|
09.12.2022 | 11:02
1556

Алматыда қар тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр

Аталған жұмыстарға 467 арнайы техника мен 1094 жұмысшы жұмылдырылды

Алматыда қар тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр пресс-служба Управления развития коммунальной инфраструктуры

9 желтоқсан күні таңертеңнен бастап қалада қар жауа бастады. Синоптиктердің болжамы бойынша кешке дейін осындай ауа-райы сақталады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Көктайғақтың алдын алу мақсатында 134 құмшашқыштың күшімен жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себіліп жатыр. Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша 152 тонна материал пайдаланылды.

Тротуарларды, қоғамдық көлік аялдамаларын, жер үсті және жерасты өткелдерін тазалау жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстарға 467 арнайы техника мен 1094 жұмысшы жұмылдырылды.

Аудандық әкімдіктер мен мердігер ұйымдарда жұмыстарды жүргізу бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес 9 желтоқсан кешке дейін қар жауып, ауа температурасы күндіз минус 6, түнде минус 8-10 градусқа дейін төмендейді. 10-12 желтоқсан аралығында күн ашық болады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир