|
01.10.2020 | 16:58
969

Жыл басынан бері Алматыда Экология департаменті 30-дан астам тексеріс жүргізген

Инспекциялық тексеріс кезінде 50-ге жуық экологияға кереғар әрекет анықталды

Биыл Алматыда экология департаменті 35 тексеру жүргізген. Оның бесеуі заңбұзушылықты алдын алу үшін жасалса, 14-і жоспардан тыс өткізіліпті. Инспекциялық тексеріс кезінде 50-ге жуық экологияға кереғар әрекет анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал әкімшілік кодексті бұзғаны үшін 11 хаттама толтырылды. Олардан 3 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді. 9 ай ішінде атқарған жұмыс жайлы онлайн брифингте экология департаменті басшысының орынбасары Данияр Әлімсейітов айтып берді.

«Біздің зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің мамандары экологиялық бөлім инспекторлары біріге отырып жұмыс жасады. Бірлескен топ 819 сынама алып, қоршаған ортаның 930 компонентіне талдау жасады. Нәтижесінде 785 мың теңге сомасында 3 шағым берілді», – деді Экология департаменті басшысының орынбасары Данияр Әлімсейітов.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир