|
09.02.2021 | 13:49
2090

Нұр-Сұлтанда 700-ден астам медицина қызметкері коронавиурсқа қарсы вакцина салдыртты

Бірінші кезеңде вакцинация бес қалалық емханада жүргізіліп жатыр

Нұр-Сұлтанда 700-ден астам медицина қызметкері коронавиурсқа қарсы вакцина салдыртты  Фото: ашық дереккөзден

Елордада 719 медицина қызметкері коронавиурсқа қарсы вакцина салдыртты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Елімізде коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау жалғасуда. 1 ақпаннан бастап осы уақыт аралығында 719 адам вирусқа қарсы вакцина салынды, яғни 78 пайыздан артық. Бірінші кезеңге вирусты жұқтырып алу қаупі жоғары тобына жататын медицина қызметкерлері (жұқпалы аурулар ауруханалары, жедел-жәрдем қызметкерлері, алғашқы медициналық көмек көрсету ұйымдары, көпсалалы ауруханалардың қабылдау бөлімдері) қызметкерлері вирусқа қарсы екпе алып жатыр», – деді Т. Мұратов. 

Жалпы, 1-8 ақпан аралығында вакциналамен 916 адам қамтылған еді, соның ішінде 719-ына екпе салынды. Осы орайда ол вакцинация ерікті түрде, әр адамның екпе алу-алмау құқығын сақтай отырып жасалатынын еске салды. 

«Бүгінде Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймасында КВИ-ға қарсы вакцинаның 1 531 дозасы бар. Еске салайық, тұрақты профилактикалық егулерге және уақытша медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарға КВИ-ға қарсы екпе салынбайды. Сондай-ақ, коронавирустың ауыр жағдайы және симптомсыз белгілері бар адамдар екпе алуға жатпайды. Жұқпалы ауруы бар науқаспен, оның ішінде КВИ-мен ауырған науқаспен байланыста болған адамдар карантин мерзімі аяқталғанға дейін вакцина алмайды»,– деп нақтылады басқарма басшысы. 

Бірінші кезеңде вакцинация бес қалалық емханада жүргізіліп жатыр. Алайда, келешекте халықты жаппай вакциналау басталған сәтте қала бойынша 36 ұйымда емшара бөлмелері ұйымдастырылады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир