|
20.03.2021 | 22:20
4998

Жаңа қаулы: «Наурыз» және өзге де мерекелік-ұжымдық ic-шараларды ұйымдастыруға болмайды

Мейрамхана ішіне, жазғы алаңдарға қонақ қабылдауға бұдан былай рұқсат жоқ

Жаңа қаулы:  «Наурыз» және өзге де мерекелік-ұжымдық ic-шараларды ұйымдастыруға болмайды svidok.info

Алматыда ертеңнен бастап карантин шаралары тағы күшейтіледі. Бүгін қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин арнайы брифинг өткізіп, жаңа қаулы шығарды.

Ертеңнен бастап ойын-сауық орталықтары мен ашық және жабық базарлардың жұмысы толығымен тоқтатылады. Сауда үйлері жабылады. Ал, одан бөлек нендей нысандардың жұмысы шектелді? Блок-бекет қойыла ма? Almaty.tv тілшісі Ұлағат Арғын баяндайды.

Жаңа қаулы бойынша, ертеңнен бастап қоғамдық көлік, метро және қала маңындағы автобустар шектелген уақыт аралығында ғана жұмыс істейді. Қаладағы ойын-сауық орталықтары мен ашық және жабық базарлардың жұмысы толығымен тоқтатылады. Азық-түлік дүкендері, шағын маркеттердің жұмыс уақыты түнгі 12-ге дейін шектелді. Шектеу шаралы қаладағы тамақтану орындары мен ресторан кафелерге де қатысты. Олар енді тек үйге дейін жеткізіп беру қызметімен ғана айналысады. Мейрамхана ішіне, жазғы алаңдарға қонақ қабылдауға бұдан былай рұқсат жоқ. Медеу мұз айдыны да уақытша жабылады. Ал, Шымбұлақ демалыс кешеніне кіруге рұқсат берілген адамдар саны 500-ге дейін қысқарды. Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен Қазпошта бөлімшелері кешкі сағат 6-ға дейін арнайы қабылдау бойынша жұмыс істейді.

«Біз қазір қиындықтан шығу үшін барлық жағдайды жасап жатырмыз. Егер ахуал эпид қиындайтын болса, енгізілген шаралар бұдан да қатаңдатылады. Сол себепті кәсіпкерлер мен қала тұрғындары санитарлық талаптарды сақтағаны жөн. Енгізілген шектеулерге  түсіністік таныТЫДАЫ деп ойлаймыз», – деді қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин.

Ал, одан бөлек көңіл көтеру мекемелеріне мүлдем жұмыс істеуге болмайды. Олар театр, кинотеатр, караоке, бильярд, компьютерлік, түнгі клубтар мен ойын клубтары, боулинг орталықтары. Ал, кейбір нысандар алдын ала жазылу бойынша қызмет көрсете алады. Бірақ, санитарлық нормалар мен қаулыдағы ережелер қатаң сақталуы керек.

«Бүгінгі жаңа қаулығы сәйкес, мейрамхана мен қоғамдық тамақтану орындары толығымен жұмысын тоқтатап отыр. Десе де, кәсіпкерлердің мұндай қиын кезеңге тап болуы біздің басты назарамызда. Біз барынша олар үшін жеңлдетілген шараларды қабылдауға тырысамыз. Сол үшін де, олардың үйге дейінгі жеткізіп беру қызметін қостық және оның уақытын шектемедік», – деді қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмәмбетов.

Одан бөлек ойын-сауық іс-шараларын, көрмелер мен форумдар, конференцияларды, сондай-ақ кез-келген отбасылық, іс-шараларды өткізуге тыйым сақталады. «Наурыз» және өзге де мерекелік - ұжымдық ic-шараларды ұйымдастыруға болмайды. Сондай-ақ, қаладағы банк және қаржы нарығындағы өзге де нысандарда қызметкерлердің 60 пайызы қашықтан жұмыс істеуге ауысуы керек. Айта кетейік, бас санитар дәрігердің бекіткен шектеулері 28 наурызға дейін сақталады. Ал, бас санитар дәрігер аурулар саны күніне 500 -ге жетсе қалада карантин талаптары одан да қатаңдатылатын ескертті.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир