|
25.04.2022 | 16:49
5452

«AMANAT» партиясы «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» республикалық байқауын жариялайды

Әр конкурста жеңіске жету үшін 300 000 теңге көлемінде жүлде қарастырылған

«AMANAT» партиясы «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» республикалық байқауын жариялайды «AMANAT»

Байқаудың мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту және олардың назарын қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл проблемасына аудару, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өңірлік деңгейдегі байқаудың ұйымдастырушылары партияның Алматы қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңесі және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласындағы департаменті.

Байқау келесі бағыттар бойынша өткізіледі:

1. «Үздік қысқа мотивациялық бейне»

2. «Үздік сурет / плакат»

3. «Үздік журналистік зерттеу»

«Үздік сурет/плакат» және «Үздік қысқа мотивациялық бейне» конкурстарына қатысуға оқушылар мен студенттер, сондай-ақ заңды тұлғалар (жастар ұйымдары, шығармашылық ұжымдар, креативті студиялар және т.б.) жіберіледі. «Үздік мақала», «Үздік журналистік зерттеу» байқауларына республикалық және жергілікті БАҚ журналистері, сондай-ақ журналистика мамандығында оқитын студенттер қатыса алады.

Байқауларға қатысу үшін өтінімді толтыру жеткілікті. Байқау жұмыстары 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін «AMANAT» партиясының Алматы қалалық филиалына тапсырылады.

Әр конкурста жеңіске жету үшін 300 000 теңге көлемінде жүлде қарастырылған. Екінші орын үшін – 200 000 теңге, үшінші орын үшін – 150 000 теңге.

Конкурс шарттарымен, өтінім беру және материалдарды ұсыну тәртібімен 8 (727) 279-88-49 байланыс телефоны арқылы танысуға болады. Сондай-ақ «AMANAT» партиясы АҚФ партиялық бақылау комиссиясына төмендегі мекен-жай бойынша хабарласуға болады: Алматы қаласы, Абылай хан көшесі, 79 үй, 101 кабинет.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

партия
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир