|
04.10.2022 | 19:21
3730

Петропавлдағы жаңадан берілген үйде жылу, жарық және су жоқ

Үйде түнеу мүмкін емес деген көпшілік уәдеге сеніп шаршадық дейді

Петропавлдағы жаңадан берілген үйде жылу, жарық және су жоқ

Жаңа үйдің тұрғындары жан-жақта жан бағуға мәжбүр. Себебі онда жылу, су, жарық жоқ. Петропавл қаласындағы шағынаудандардың бірінен мемлекеттік бағдарламамен баспаналы болғандар осылай шағым айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Шамамен бір апта бұрын бізге қала әкімі Руслан Аңбаев келді. Ол бізге бәрі қосылады деп уәде берді. Бірақ бүгінге дейін бізде жылу, жарық және су жоқ», – деді қала тұрғыны Айдана Жәнібекова.

Мұздай бөлмеде сабаққа дайындалу мүмкін емес деген Алма Әшімова отбасымен бірге  туыстарының үйін паналап жүр.

«Мен өзім ата-анамның үйіне барып жүрмін. Қызымды ағамның үйіне апарып тастадым. Өйткені ол 1-курс студенті. Таңертең ерте сабаққа барады. Тамақ ішіп кетуі керек. Киімін үтіктеу керек. Оның бәрін мына жақта істеу мүмкін емес», – деді қала тұрғыны Алма Әшімова.

Облыс әкімдігінде өткен отырыста қала әкімі жаңа тұрғын үйлерде техникалық тұрғыда бәрі дайын, тек дербес шоттар бойынша мәселе туындағанын айтты. Соған байланысты жылу беру жұмысы созылып кетті деп ақталды.

«Пәтер иелерінің көбі уақытында дербес шот ашып үлгермеген. Біз меншік иелері төрағаларымен жиналыс өткіздік. Бүгін немесе ертең бұл үйлерге жылу беріледі», – деді қала әкімі Руслан Аңбаев.

Қала әкімі жылусыз отырған үйлерге апта соңына дейін жылу беріледі деп сендірді. Ал жарық пен ыстық су мәселесі әлі шешіліп жатыр.

Нұргүл Алина, Жұлдызбек Ермұқанов, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир