|
15.04.2022 | 19:26
4121

150-ге жуық алматылыққа ПИК-тен МИБ-ке өту бойынша кеңес берілді

Тұрғындар 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін үйге арналған құжаттаманы МИБ төрағасына өткізуі тиіс

150-ге жуық алматылыққа ПИК-тен МИБ-ке өту бойынша кеңес берілді

Тұрғын үй саясаты басқармасы ашық есік күнін өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі

Қала тұрғындарына МИБ және ҚС-ға көшу алгоритмдері және тұрғын үй-коммуналдық қатынастар саласындағы басқа да мәселелер бойынша кеңестер берілді. Ведомствоның мәліметінше, шараға 150 жуық қала тұрғыны қатысты. Еске салайық, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына сәйкес, пәтердің тұрғыны емес үй-жайдың меншік иелері тұрғын үйге кірген Заңның күшіне енген күнінен бастап бір жыл ішінде көппәтерлі тұрғын үй кеңесін сайлауды.  Кондоминиумды басқарудың жаңа нысанын таңдау туралы шешім қабылдау үшін пәтердің, көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғыны емес үй-жайының меншік иелерінің жиналысын өткізуге міндетті.

Қолданыстағы басқару органдарына келетін болсақ, олар 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін үйге арналған қолда бар құжаттаманы МИБ төрағасына немесе ҚС уәкілетті өкіліне беруге міндетті.

«Меншік иелері үшін МИБ немесе ҚС таңдау, ең алдымен, өз үйін басқару және шығынды оңтайландыру мүмкіндігі болып табылады. Сонымен қатар, меншік иелері басқару органының қаржылық-шаруашылық қызметінің ашықтығының жоқтығына жиі шағымданады. «Бір үй – бір шот – бір меншік иелерінің бірлестігі» – бұл меншік иелеріне ақша қаражатының қозғалысын және олардың мақсатты пайдаланылуын бақылауға мүмкіндік беретін қағида», - деп түсіндірілді басқармада

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир