|
03.07.2023 | 05:15
3084

Абай облысында 200 гектар аумақта қамыс өртенді

Зардап шеккендер жоқ

Абай облысында 200 гектар аумақта қамыс өртенді твойгород.com

Жергілікті атқарушы органдардың ақпаратына сәйкес 2023 жылдың 2 шілдесінде Көкпекті ауданы Үлгілі Малшы ауылынан 50 шақырым жерде күндізгі сағат 11 шамасында қамыс өртенді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР ТЖМ Телеграм каналына сілтеме жасап.

Оқиға орнына қарауылдау жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бейінді қызметтерінің өкілдері дереу жетті.

Қазіргі уақытта өрттің болжамды ауданы 200 гектарды құрайды. Елдімекендерге қауіп жоқ. Зардап шеккендер жоқ.

Үлгілі Малшы ауылдық округі әкімдігінің ақпараты бойынша Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдарын тартудың қажеттілігі болған жоқ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир