|
10.04.2022 | 11:59
3513

Түркістанда тұрмыстық техника тиелген жүк көлігі өртеніп кетті

Тұрмыстық техника тиелген Volvo жүк көлігі Ресейден Тәжікстанға бара жатқан

Түркістанда тұрмыстық техника тиелген жүк көлігі өртеніп кетті © REUTERS / Costas Baltas

Түркістан облысында Жиенқұм ауылының маңында тұрмыстық техника тиелген жүк көлігі түгі қалмай өртеніп кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Өңірдің полиция департаментінің хабарлауынша, жүк көлігінің тіркеме баллоны жанған. Зардап шеккендер жоқ, жүргізуші көліктен дер кезінде шығып үлгерген.

Тұрмыстық техника тиелген Volvo жүк көлігі Ресейден Тәжікстанға бара жатқан.

Бұл оқиға Бәйдібек ауданының полиция бөлімшесінде тіркелді. Тәртіп сақшылары төтенше жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир