|
19.03.2022 | 15:06
3471

Павлодарда есірткі сатқан 19 жастағы студент ұсталды

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

Павлодарда есірткі сатқан 19 жастағы студент ұсталды egemen.kz

19 жастағы студенттен 12 грамнан астам синтетикалық ұнтағы бар 13 бума табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Павлодар облысының Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімшелерінің қызметкерлеріне жас жігіттің заңсыз заттарды таратумен айналысқаны туралы жедел дереккөздерден ақпарат түсті», - деп хабарлады журналистерге Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство басшысының орынбасары Болат Нұрсейітов арнайы іс-шаралар барысында күдіктінің анықталып, ұсталғанын айтты.

«Ол Павлодар қаласындағы оқу орындарының бірінің 19 жастағы студенті болып шықты. Жас жігіттен ұнтақты зат салынған 13 бума тәркіленді, сараптама қорытындысы бойынша салмағы 12 грамнан асатын синтетикалық есірткі заттары екені анықталды», - деді Б.Нұрсейітов.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары.

«Күдіктінің интернет арқылы есірткі дүкендерінің біріне курьер болып жұмысқа орналасқаны қаралып жатыр. Айыпталушы оларды үйінде бір реттік дозаға орап, қала бойынша таратқан», - деп атап өтті ПД.

Дереккөз: ҚазАқпарат 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

есірткі
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир