|
30.10.2021 | 12:51
2571

Танымал қазақстандық спорт журналисі коронавирустан көз жұмды

Каналдағы соңғы шығарылымдарының бірінде журналист індетпен күресіп жатқанын айтқан

Танымал қазақстандық спорт журналисі коронавирустан көз жұмды © Sputnik / Абзал Калиев

Белгілі қазақстандық спорт журналисі Евгений Гайдамакин 39 жасында коронавирустан қайтыс болды. Қайғылы хабарды Айдын Қожахмет өзінің Telegram-арнасында жазды деп хабарлайды Almaty.tv.

"Коронавирус әлі 40-қа да келмеген талантты журналисті арамыздан алып кетті", –  деп жазды ол.

Әріптестері оның кәсіби қызметіне жоғары баға беріп, спорт тақырыбын қаузайтын нағыз маман екенін атап өтті.

Соңғы кезде ол Youtube каналында өзінің Sports True жобасымен айналысып жүрген.

Каналдағы соңғы шығарылымдарының бірінде індетпен күресіп жатқанын айтқан.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир