Маңғыстауда сарбаз өлімі тіркелді

02.10.2023 в 18:44

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

Ақтау гарнизонында сарбаз көз жұмды. Қайғылы жағдай осыдан 2 күн бұрын болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оймашы полигонын қоқыстан тазарту кезінде белгісіз зат жарылып, салдарынан 20 жастағы жігіт түрлі дене жарақатын алған. Ауруханаға барар жолда әскери қызметшінің көз жұмғаны белгілі болды. Зардап шеккен тағы бір сарбаздың жағдайы қалыпты, өміріне қауіп жоқ. Олар 25744 теңіз жаяу әскери бөлімінде азаматтық борышын атқарған. Қазір оқиғаға қатысты тергеу басталды.

– Қазір сараптама қорытындысын күтіп отырмыз. Адам өліміне әкеп соқтырған жарылыс себебі нақты белгілі болады. Осыдан соң тағы да бірқатар сараптама тағайындалады. Қазір ҚР Қылмыстық кодесінің 453-бабы 2-бөлігімен лауазымды тұлғалардың қызметіне салғырт қарауы бойынша тергеу жұмысы басталды. Аталған дерек бойынша жауаптылар жазасын алады, – деді Ақтау гарнизонының әскери прокуроры Ерлан Құтқожа.

Оқи отырыңыз: Ақкенттегі өрт: зардап шеккен тұрғындар пәтеріне оралды