|
31.08.2021 | 15:44
4284

Жантүршігерлік жол апаты: Жамбыл облысында 11 көлік соқтығысты

Зардап шеккендер саны 10-нан асып кеткен

Жантүршігерлік жол апаты: Жамбыл облысында 11 көлік соқтығысты Фото: ашық дереккөзден

Жамбыл облысында 11 автокөлік соқтығысып, салдарынан бірнеше адам ауруханаға түсті. Желіде Жамбыл облысындағы тас жолда болған ірі апаттың видеосы тарады. Куәгерлердің айтуынша, зардап шеккендер саны 10-нан асып кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі NEGE.KZ-ке сілтеме жасап.

Өңірдің полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 30 тамыз «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолының 393-ші шақырымында Алматы бағытында болды. Бір мезетте он бір автокөлік соқтығысқан. Салдарынан бірнеше адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу басталды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир