|
29.08.2021 | 15:10
4476

Жамбыл облысындағы оқ-дәрі базасының аумағында тарс еткен дыбыс естілді

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, оқиға орнында адам болмаған

Жамбыл облысындағы оқ-дәрі базасының аумағында тарс еткен дыбыс естілді кадр из видео

Жамбыл облысындағы жарылыс болған оқ-дәрі қоймасының орнында тарс еткен дыбыс естілді, деп хабарлайды Almaty.tv Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

«26 тамыз күні өрттенген инженерлік оқ-дәрі қоймасының аумағында бүгін, 29 тамыз күні 12:20 шамасында тарс еткен жалын орын алды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, оқиға орнында ешкім болмаған. Қазір оқиғаның себептері анықталып жатыр», – делінген ресми түсініктемеде.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир