|
11.12.2022 | 16:03
3202

Қазақстандық блогер Instagram-ға видео түсіру кезінде жол апатына ұшырады

Блогер көңіл көтеретін видео түсірмекші болған

Қазақстандық блогер Instagram-ға видео түсіру кезінде жол апатына ұшырады tengrinews.kz

NNN лақап атымен танымал отандық блогер Нұрдәулет пен оның досы Әлішер Қонысбаев көңіл көтеретін видео түсіру кезінде құны 30 миллион теңге тұратын көлікпен жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Видеода дәретхана қағазының үстінде тұрған блогер қатты жылдамдықпен келген көліктің төбесінен секіріп өтеді.

Кейін қағаз тосқауылмен соқтығысқан жүргізуші көлік тізгінін басқара алмай, бар жылдамдықпен жолда тұрған ауыр жүк көлігіне соғылады.

Видеоға қатысушылардың ешқайсысы зардап шекпегені хабарланды.

Желі қолданушылары блогердің видеосын айыптап, оның жастарға қауіпті үлгі көрсетіп жатқанын жарыса жазды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир