|
19.11.2021 | 16:32
2207

Тұрғындар көрші ауылға қашқан: Алматы облысындағы су бөгетінен қауіп бар ма

Бұл 1973 жылы салынған тоспа болатын

Тұрғындар көрші ауылға қашқан: Алматы облысындағы су бөгетінен қауіп бар ма Almaty.tv

Алматы облысында су бөгеті толып кетті деп даурыққан халық түн ішінде көрші ауылға қашқан. Әлеуметтік желілерде тараған бұл бейнеде дүрбелеңге түскен Нұрым ауылының тұрғындары Басшы ауылына шұғыл эвакуациялана бастағаны айтылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ал Кербұлақ ауданының әкімдігі қолайсыз ауа райы әсерінен болған су толқынын тұрғындар апат деп қате түсінген дейді. Желіде тарап кеткен видео, мердігер мекеме алдын ала дайындалған арықтарға суды жоспарлы түрде ағызып жатқан сәтте түсірілгенін айтады. 

"Бұл 1973 жылы салынған тоспа болатын. Соған 2021 жылдан бастап күрделі жөндеу өткізіліп жатыр. Күрделі жөндеуді ЖШС жүргізді. Қазір халыққа келетін қауап-қатер жоқ", – деді Кербұлақ ауданының әкімі Ғалиасқар Сарыбаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир