|
03.10.2021 | 14:34
4301

ISU Junior Grand Prix: алматылық Михаил Шайдаров күміс жүлдеге ие болды

Аталған турнир Гданськ қаласында өтті

ISU Junior Grand Prix: алматылық Михаил Шайдаров күміс жүлдеге ие болды olympic.kz

Қазақстандық спортшы Михаил Шайдаров мәнерлеп сырғанаудан жастар Гран-при турнирінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдаров ISU Junior Grand Prix турнирінің күміс жүлдегері атанды. Аталған турнир Гданськ қаласында өтті.

Қос бағдарлама нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасының спортшысы Михаил Шайдаров 207.3 ұпай еншіледі. Бұл көрсеткіш спортшыға екінші орын алуға мүмкінді берді.

Алтын және қола медальды ресейлік Глеб Лутфиллин (231.26) мен Егор Рухин (202.28) алды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир