|
03.07.2022 | 14:42
2695

Теннисші Дмитрий Попко Испанияда өткен жарыста чемпион атанды

Бұл - Дмитрий Попконың жұптық сында челленджер жарыстарындағы алғашқы титулы

Теннисші Дмитрий Попко Испанияда өткен жарыста чемпион атанды ҚазАқпарат

Қазақстандық Дмитрий Попко жұптық сында Малага (Испания) челленджер турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандық теннисші түркиялық Алтуг Челикбилекпен бірге жүлде қоры 45 мың АҚШ долларынан асатын доданың финалында Израиль өкілі Даниэль Чукерман - эквадорлық Эмилио Гомеспен бас жүлдені сарапқа салды.

Қазақстандық-түркиялық жұп үш сетке созылған матчта 6:7 (4:7), 6:4, 10:6 есебімен жеңіске жетті.

Бұл - Дмитрий Попконың жұптық сында челленджер жарыстарындағы алғашқы титулы.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир