Алматыда қала маңына қатынайтын автобустар қайта жүре бастады

01.06.2020 в 11:49

Алматыда 1 маусымнан бастап қала сыртындағы блок-бекеттер ашылды

Алматыда 1 маусымнан бастап қала сыртындағы аудандарға қатынайтын автобустар қайта жүре бастады, деп хабарлайды Almaty.tv «Алматыэлектротранс» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Карантин шараларының жеңілдетілуіне байланысты Алматы шекарасындағы блок-бекеттер ашылды. Сондықтан, жолаушылар тасымалы бұрынғы жұмыс режиміне көшеді. Жұмыс уақыты кешкі 21:00-де аяқталады»,- делінген хабарламада.

Атап айтқанда, Қаскелең, Жандосов, Талғар, Алмарасан шатқалына шығатын 202, 212, 209, 210 автобустар жұмысын қайта бастайды.

Айта кету керек, Алматыда 1 маусымнан бастап қала сыртындағы блок-бекеттер ашылған болатын. Қалалық ПД блокпостарда 2,5 ай бойы қызмет еткен полиция қызметкерлерін алғыс хаттармен марапаттады.