|
15.06.2021 | 17:59
4897

Вакцина – жаңа жеңіске жетудің жалғыз жолы: алматылық спортшылар жаппай вакцина алып жатыр

Олимпиада ойындарының қарсаңында коронавирус вакцинаcы өте маңызды

Вакцина – жаңа жеңіске жетудің жалғыз жолы: алматылық спортшылар жаппай вакцина алып жатыр pixabay.com

Алматылық спортшылар жаппай вакцинация алып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олимпиада ойындарының қарсаңында коронавирус вакцинаcы өте маңызды. Өйткені команданың бір мүшесі инфекция жұқтырса, онда бүкіл ұжымның жұмысына қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан қазіргі кезде Алматыда кәсіби спортшылар жаппай вакцина алуда. Бұл туралы 

«Алматы» хоккей клубының шабуылшысы Артем Бурделев былай дейді:

– Саналы ғұмырымды спортқа арнаған жанмын. Жарыстардан қалмадым. Меніңше, спорт әлемінде мұндай шектеулер болған емес. Біздің команда індетке дейін күн сайын жаттығатын, ал коронавирустың кесірінен барлық жаттығу процессі тоқтады. Енді вакцинаның арқасында алаңға қайта оралып, еркін жаттыға аламыз.

Өкініштісі, адамдар әлі де екпе салдыруға салғырт қарауда, бетперде кимей, әлеуметтік қашықтықты сақтамауда. Мен қала тұрғындарын вирусқа қарсы күресте бірігуге, вакцина алуға шақырамын.

Жақында вакцина алдым және бұл қажетті шара деп санаймын. Иммунитетті арттыру, оны вируспен күресуге дайын ету маңызды.

Өз жанкүйерлеріме де айтарым – біз сіздердің қолдауыңызға зәруміз. Біз үшін ұжымдық иммунитетті қалыптастыру маңызды. Сондықтан алып қашпа әңгімелер мен тараған жалған ақпаратқа сенбеңіздер.


Біздің жеңісімізді көру үшін вакцина алып, хоккейге келіңіздер!

Назым Қызайбай, бокстан әйелдер арасында еңбек сіңірген спорт шебері, екі дүркін әлем чемпионы:

– Өткен жылы басталған індет менің олимпиадаға қатысуыма, екінші лицензияны алуыма кедергі келтірді. Бұл менің арманым еді. Тағы бір кемшілігі спорт залдары жабылып, менің үйде жаттығуыма тура келді. Биыл жағдай өзгерді. Қалада жаппай иммундау басталғаннан кейін коронавирус вакцинасын алдым. Біздің спортшыларымыз да вакцинаға қарсы емес. Ешқандай мәжбүрлеу болған жоқ, барлығы  денсаулықты сақтауға, жаттығу процесін қалпына келтіруге, залда жанкүйерлерді көруге мүмкіндік беретін қажеттілік екенін түсінді. Инфекцияға тұрақты иммунитеті жоқ адамдар вакцина алуы қажет. Өз басым алғашқы боксшылардың бірі болып вакцина алдым. Өйткені бұл COVID-19-қарсы күрес!

Тамара Почекутова, семсерлесуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері:

– Коронавирус біздің отбасымызды айналып өтпеді, отбасы  мүшелері түгел ауырды. Мүмкін, мен вирустың тасымалдаушысы болған шығармын, бірақ ауруды асимптоматикалық жолмен бастан өткердім. Бұл індеттен атам көз жұмды. Ол ұзақ уақыт ауруханада емделді. Ол 85 жаста дәрігерлердің қамқорлығы мен иммунитетінің арқасында жазылып шықты. Вакцина пайда болғаннан кейін атам екпе алды. Ол бұл шешімді өзі еркімен қабылдады.

Мен әлі вакцина алған жоқпын, бірақ  екпені  қолдаймын.  Бүгінде  қай вакцинаны алған дұрыс екенін таңдаудамын. Бұл өте қауіпті ауру, сондықтан мен өзімді, туыстарымды қорғағым келеді. Мен  олардың сау болғанын қалаймын.

Індетке байланысты бізде көптеген жарыстар мен жиындар тоқтатылды. Біз олимпиадаға дайындала алмадық, бірақ лицензия алуымыз керек еді. Вакцина – бұл әдеттегі жаттығу өміріне оралудың, жарыстарға барудың, жаңа жеңістерге жетудің жалғыз жолы.

Олимпиадаға дайындық ұзақ уақыт алады. Ең маңызды жарыстарға аз уақыт қалды. Сондықтан Алматы спортшылары бүгін екпе алады. Сізде оларға қосыла аласыз, ол үшін мегаполистің 208 екпе пунктінің біріне хабарласыңыз. Олар медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт нысандарында, базар мен қаланың СОСО-да орналасқан.


16 маусымдағы жағдай бойынша 351 497 адам вакцина салдырды. 60 жастан асқан 39 026 адам екпе алды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир