|
02.06.2021 | 19:19
3229

Б. Сағынтаев: 200 мыңға жуық алматылық КВИ екпесінің 2-компонентін алды

Ұжымдық иммунитет қалыптасады

Б. Сағынтаев: 200 мыңға жуық алматылық КВИ екпесінің 2-компонентін алды  Almaty.tv.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирінде қала тұрғындарын коронвирусқа қарсы вакцина салдыруға белсенді қатысуға шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мегаполистегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтанғаны туралы баяндаған Б. Сағынтаев жаппай вакциналанудың маңызын, соның арқасында ұжымдық иммунитеттің қалыптасатынын атап өтті.

Алматыда жаппай вакциналау 1 ақпаннан басталды. 2 маусымда 3 07 981 адам (93,2%) екпе алды, оның ішінде 5115 полиция қызметкері, 23 240 педагог, 29 136 дәрігер. Жасы 60 жастан асқан 30 737 адам (10,0%) екпе салдырды. Бүгінде 190366 адам екі компонентпен вакциналанды.

Бүгінгі таңда медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдени-спорттық мекемелерде, базарларда және қаланың сауда-ойын-сауық орталығында 212 вакциналау пункті жұмыс істейді. Оларды 250-ге дейін ұлғайту мүмкіндігі бар. 1260 адамнан құралған 308 вакциналау тобы жұмыс жасауда.

Бүгінде қалада вакцинаның барлығы бірінші компоненттің 19 004 дозасы және екінші компоненттің 59 184 дозасы бар.

Барлық кезең ішінде 326 985 доза вакцина жеткізілді. 25 сәуір-26 мамыр аралығында қазақстандық «QazVac» вакцинасы бірінші және екінші компоненттері бойынша 6 мың дозасы қалаға жеткізілді, оның ішінде 4571 адам вакциналанды. 3-21 мамыр арлығында қытайлық Sinopharm вакцинасының 31 мың дозасы жеткізілді, вакциналанғандар – 20 648 адам.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир