|
03.05.2019 | 18:24
3509

«Бақытты отбасы» бойынша жеңілдетілген баспананы кімдер алады?

Әкімдік алғашқы жарна үшін 1 миллион теңгені қайтарымсыз береді

Алматыда мамыр айынан бастап көпбалалы отбасылар қоныс тойын тойлайды деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша тұрғын үйге өтініш бергендердің саны қанша? Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасының бөлім басшысы Ермек Әміров пәтер жағалап жүрген жанұяларға қатысты тың деректермен бөліседі.  

– «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша, қанша алматылық отбасы тұрғын үй алуға өтініш білдірді? Қанша өтініш қабылданды? Өтпей қалғандар болды ма? Өтпесе оған не себеп?

– Жалпы, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 1600 өтініш келіп түсті. Солардың тек 600-ден астамы ғана бағдарламаға сай болып шықты. Қазіргі таңда 400-ден астам тұрғын төлем қабілеттілігін растау үшін банкке жүгінді. Оның 260-тан астамының төлем қабілеттілігі нақтыланып, олар өз пәтерлерін таңдау үстінде. Нақты 87 тұрғын пәтер тауып, 34-і банкпен шарт жасасты. Мамыр айында жаңа пәтерлеріне қоныс аударады. Бұл – «Бақытты отбасы» бағдарламасының көпбалалы отбасы санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар. Бірақ, өтініш білдерген азаматтардың ішінде ол санатқа жатпайтын және мүлдем кезекте тұрмаған да азаматтар болды. Сондай-ақ Алматы қаласында тіркеуде жоқтары да болды. Сол себептен мыңнан астам өтініш кері қайтарылды.

– Бағдарлама бойынша Алматы қаласында қандай сомаға дейінгі пәтер таңдауға болады? Жалпы, шарттарын айта кетсеңіз.

– 15 миллион теңгеге дейін. Жылына 2 пайызбен 18 жылға дейін беріледі. Ал, 15 миллионның алғашқы жарнасы – 1,5 миллион теңге. Соның 1 миллион теңгесі әкімішілік тарапынан қайтарымсыз беріледі.

– Көпбалалы отбасылар үшін беріліп жатқан арендалық тұрғын үйлерге тоқталсаңыз... Пәтер жағалап келген қанша отбасы осы мүмкіндікті пайдаланып отыр?

– Бүгінде арендалық тұрғын үй кезегіне тұрғандардың жалпы саны 23 мыңнан асты. Біз «Бақытты отбасы» бағдарламасын жариялаған кезде кезекте 1276 отбасы тұрған. Қазір олардың саны 16200-ден асты. Міне, осы тұрғындардың «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысып, өз үйлеріне қол жеткізуе мүмкіндіктері бар.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир