|
22.01.2022 | 13:29
554

Бельгияда «коронавирус барометрі» іске қосылды

ҚазАқпарат

28 қаңтардан бастап Бельгия Үкіметі пандемия жағдайында жаңа құралды – «коронавирус барометрін» іске қосты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Коронавирус барометрі» үш түстен тұрады - қызыл, сары және қызғылт сары. Сары - эпидемиологиялық жағдай мен бақылаудағы ауруханалардың жүктемесін, қызғылт сары - эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын, қызыл - денсаулық сақтау саласында жұмыс ауыртпалығының арту қаупін білдіреді. 

«Шешім жағдайды ғылыми талдауға, статистикаға негізделеді, сонымен қатар пандемиямен күрес шараларындағы әлеуметтік сәтке назар аударылады», - деп түсіндірді премьер-министр Александр Де Кроо. «Келесі жұмадан бастап біз қызыл барометр кодына ауысамыз», - деді ол. 

Сонымен қатар, 1 наурыздан бастап Бельгия тұрғындарында бірінші екпенің екінші дозасы 5 айдан астам уақыт бұрын жасалған болса, COVID-сертификатының әрекетін жалғастыру үшін күшейткіш вакцина міндетті болады. 

«Қосымша вакцинация біздің әлеуметтік өмірімізді сақтай алатынымызға кепілдік береді»,- деп қосты Бельгияның премьер-министрі.



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир