|
04.12.2019 | 13:39
2574

Мүгедек жанды арбамен тасыған ит жұртты сүйсіндірді (ВИДЕО)

Желіде тараған бейнежазбада мүгедектерге арналған арбадағы иесін артынан итеріп келе жатқан ит анық байқалады

Тараз қаласының тұрғыны Instagram әлеуметтік желісіне өзінің мүгедек иесі отырған арбаны итеруге көмектескен итті видеоға түсіріп, таратты, деп хабарлайды Stan.kz

Желіде тараған бейнежазбада мүгедектерге арналған арбадағы иесін артынан итеріп келе жатқан ит анық байқалады. Бұны көлікте отырған жолаушылардың бірі видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. 

«Міне, Таразда овчарка иті өзінің мүгедек иесін сүйреп барады», - дейді видео авторы.

Instagram желісінің қолданушылары иттің бұл қылығына сүйсініп, таңқаласып жазба қалдырып жатыр. Видеоның астында «ит адамның досы ғой», «жануарларды аялайық» деген сынды жазбалар кездеседі.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

собака Тараз
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир