|
03.08.2022 | 14:50
940

Ұлыбритания жағалауында акула әйелге шабуыл жасады

Басылым мәліметінше, акула Корнуоллдағы Пензанс айлағында сноубордпен жүрген әйелге шабуыл жасаған

hightech.fm

Ұлыбритания жағалауында әйел акуланың құрбаны бола жаздады. Бұл 175 жылдан бері жыртқыштың осы аймақта адамға жасаған алғашқы шабуылы, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, акула Корнуоллдағы Пензанс айлағында сноубордпен жүрген әйелге шабуыл жасаған. Әйелдің аяғы жарақаттанған. Жәбірленуші жағалауға өздігінен жүзіп жеткен, оны жағалау күзеті қызметкерлері қарсы алып, дәрігерлерге жеткізген.

Әзірге мамандар қай акула адамға шабуылдайтынын білмейді. Корнуолл жағалауында осы жыртқыштардың төрт түрі мекендейді. Сарапшылардың пікірінше, коронавирус шектеулеріне байланысты шығанақтағы кемелер азаюына орай мұнда акулалар саны артқан.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир