|
28.03.2024 | 09:40
789

Жетісу ауданында 40 көше жарықтандырылады

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты

Жетісу ауданында 40 көше жарықтандырылады elements.envato.com

Жетісу ауданында сапалы сыртқы жарықтандырумен және электрмен жабдықтаумен қамтамасыз ету жұмыстары белсенді жүргізілуде. Электрмен жабдықтау желілері жаңғыртылды, шамдар мен кабель желілері ауыстырылды. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Сіздің аудандағы өзекті мәселелердің бірі сапалы сыртқы жарықтандырумен қамтамасыз ету болып қала береді. 2023 жылы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін ауданда 4 бригада жұмыс істейді, олардың 948 шамы мен 7,7 км кабельдік желісі ауыстырылды. Биыл бұл жұмыстар жалғасуда және ішінара жарықтандырылмаған 40 көшеге жарық орнату жұмыстары жүргізілетін болады", - деді Ерболат Досаев.

Сонымен қатар өткен жылы Палладин – Павлодар – Боралдай көшелерінің алаңында электрмен жабдықтау желілерін жаңғырту жүргізілді. 21,5 км электр желілері салынды, 6 трансформаторлық қосалқы станция (ҚС) орнатылды. Осының арқасында биыл сәуірдің соңына дейін 1 000-ға жуық абонент тұрақты электрмен қамтамасыз етіледі.

Қала басшысы атап өткендей, Кемел ш/а электрмен жабдықтау желілерін жаңарту жұмыстары аяқталуда.  43,5 км желі салынды, 12 ҚС орнатылды, қалған 2 ҚС орнату жұмыстары жүргізілуде. 2024 жылдың сәуірдің соңына қарай тұрғындар қалалық электр желілеріне қосылады. Осы шағынаудан тұрғындарын толық қамту үшін қосымша 110 тірек орнатылып, Алқисса, Октябрьская және Крестная көшелерінде шамамен 3 км кабель желілері салынды.

2023 жылы "АЖК" АҚ Электрмен жабдықтаудың 2 км әуе желілерін, 17,7 км кабельдік электр желілерін, трансформаторлық қосалқы станциялардың 10 тарату пунктін (РП/ТП) күрделі жөндеуден өткізді. Сондай-ақ ағымдағы жөндеумен 50,8 км энергиямен қамтамасыз етудің әуе желілері және 88 РП/ТП қамтылды.

"2024 жылы" АЖК" АҚ инвестициялық бағдарламасы аясында 4,8 км кабельдік электр желісін қайта жаңарту, 14,8 км электрмен жабдықтау кабельдік желісін және 8,4 км энергиямен қамтамасыз ететін әуе желісін күрделі жөндеу, 14 РП/ТП, 59,7 км әуе электр желісін және 47 ҚС ағымдағы жөндеу жоспарланған", - деп хабарлады Алматы әкімі.

Оқи отырыңыз: LIVE: Ерболат Досаев Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесіп жатыр

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир