|
27.03.2024 | 20:06
1201

Есіктегі «қылкөпірге» темір бағана орнатылды

Он бес күн бұрын редакциямыздан көмек сұраған тұрғындар ризалығын білдірді

Есіктегі «қылкөпірге» темір бағана орнатылды Almaty.tv

Есік қаласы маңындағы ел «қылкөпір» атап кеткен өткелге жергілікті билік темір бағана орнатып берді. Арнамызға арызын айтып сұхбат берген халық, Үлкен Алматы каналын кесіп өтетін көпір жоқ деп көмек сұраған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұл – ауыл статусын алмаған саяжай тұрғындары.  Он бес күн бұрын редакциямыздан көмек сұраған тұрғындар ризалығын білдірді.

– Журналистер келген соң қозғалды. Бұл жердегі адамдар тұрғылықты жер бойынша тіркелмеген. Баспанасы дұрыс заңдастырылмаған. 700 оқушы бар, тұрғындар саны көпекені анық, – деді саяжай тұрғыны Әлия Байперова.

Бүгін базынасын айтқан ел өздері өтіп жүрген өткелге кірпіштен баспалдақ құйып, жыртығын жамап жатыр. Өйтпеске амал жоқ, қалаға қатынайтын жер қашық емес. Ал көпірден өту үшін 2.5 шақырым жаяу жүру керек. Көлікпен қатынайтын өткелдің де жағдайы мәз емес. Оны да ел бірнеше мәрте ескертіпті.

– Осы жерде менің туған ағам көз жұмды. Қарда аяғы тайып кетіп, жығылды. Бүгін жасаған қоршаудың да арасы алшақ болып тұр. Бұл жерден балалар көп өтеді, – деді саяжай тұрғыны Талғат Нүсіпов.

Бұқара басы 3 мыңға жуықтаса да, ауыл мәртебесін ала алмай келеді. Мәселен Бөлек ауылдық округіне 32 саяжай қарайды. Оның 21-і биыл статус алған.  

– Демеушілер көмектесті. Өткелден өтуге ыңғайлы болсын дедік, бірақ әлі де арасы алшақ. Біздің тарапымыздан ұсыныс құзырлы органға беріледі, – деді Еңбекшіқазақ ауданы Бөлек ауылдық округінің әкімі Асыл Изиев.

Ауыл әкімі аталған саяжайға берілген көпір жоғын растайды. Бірақ әзірге осылай амалдаймыз деп ақталды. Алдағы уақытта құжат арқылы көпір саламыз деп те сендірді.

Әлібек Шынтемір, Медет Саматұлы, «Алматы» телеарнасы

Оқи отырыңыз: Қарғын су: Қояндыдағы тұрғындар далада қонуға мәжбүр

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир