|
14.09.2023 | 13:05
2466

Мемлекет басшысы Тәжікстанға жұмыс сапарымен барды

Сапар аясында Президент Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуіне қатысады

Мемлекет басшысы Тәжікстанға жұмыс сапарымен барды Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмомали Рахмонның шақыруымен Тәжікстан Республикасына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапар аясында Қазақстан Президенті Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуіне және Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына қатысады деп жоспарланып отыр.

Душанбе халықаралық әуежайында Мемлекет басшысын Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзода қарсы алды.

Оқи отырыңыз: Ұлы дала жорығы: 4 ат әлемдік рекорд орнатпақ

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир