|
26.03.2024 | 20:00
2539

Ақтөбе облысындағы үш ауылмен байланыс үзілді

Құтқарушылар жағдай тұрақталмайынша балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды

Ақтөбе облысындағы үш ауылмен байланыс үзілді Almaty.tv

Ақтөбе облысында күн күрт жылынып, өңірдегі 3 ауыл аралда қалғандай күн кешуде. Аймақтағы басқа 36 елдімекенге де қауіп төнген көрінеді. Жедел штабқа осы уақытта 1500 адам жүгінген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Өңірдегі ахуалға байланысты мыңнан астам құтқарушы тартылған. Көмекке әскерилер де келген. Жедел штаб құрылды. Еріген қар суы көшені ғана емес, аула мен үйді басып қалған. 

– Жарты метрге дейін су көтеріледі. Түнімен қорқып ұйықтамадық. Жігіттер аяқтарына су етік киіп, жұмысын тастап, су сорғыш құралын әкелдік. Көшенің жұмысын біз істеп жатырмыз. Не үшін халық зардабын шегуі керек, – деді облыс тұрғыны Дархан Зейнекешов.

Жедел штабқа мыңнан астам хабарлама түскен. Аққан судың кесірінен көпір де қирап, жол шайылған. Байғанин ауданындағы 3 ауылмен байланыс үзілген. Елдімекендегілер азық-түлікті көрші Атырау облысынан тасып амалдауға мәжбүр. Құтқарушылар жағдай тұрақталмайынша балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

– Мәлімет түссе, су сору жұмыстары жүргізілетін болады. Қазір қала бойынша 120-дай ассенизатор қосылған. Біздің су сору құрылғыларынан бөлек, қаланың ішінде жұмыстар жүргізіліп жатыр, – деді Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Саид Молдақараев.

Құзырлы орган қызметкерлері 100 мың текше метр су сорды. Апаттан зардап шеккен аймақтарға 5 мың тоннадан артық инертті материал жеткізілді. Ахуалды реттеу үшін өңірде құтқару тобы құрылған. Мәселені шешуге 4 миллиард теңге бөлінген.

Оразай Нұртайұлы, Жомарт Құдайбергенов, «Алматы» телеарнасы, Ақтөбе облысынан

Оқи отырыңыз: Жетісу облысындағы «қыл» көпірді су шайып кетті

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир