Ұлттық мерекеге орай Астана алаңындағы концерт өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ұлттық мерекеге орай арнайы ұйымдастырылған концерт сағат 17-00-де басталған. Мерекелік кешке қатысатын әншілердің де қарасы көп. Мәселен, «Алашұлының» рухты әндері, «Ұлытау» тобының бойды шымырлатар туындылары мен Алишер Каримов, Бүркіт пен Қуандық Рахым сынды жұлдыздардың патриоттық әндері орындалды. Көпшілік үшін көңіл-күй көтеруге, ұлы күннің мәнін ұғынып, сезінуге себеп болып отыр.
Мерекелік концертке кәсіби домбырашылар мен балалар және академиялық хордың үлкен ұжымы да қатысып, көпке өнер көрсетіп жатыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша концерттің тосын сыйға толы көрінеді. Мәселен, бүгін сағат 21:30-да мерекелік отшашу болады.