Өшкенім жанды, өлгенім тірілді: Хангелді Әбжанов Республика күні жайында

Өшкенім жанды, өлгенім тірілді: Хангелді Әбжанов Республика күні жайында

13 жыл аталмай кеткен Республика күні ұлттық мереке болып қайта оралды. Бұл мереке елімізде 25 қазанда тойланады. Еліміздің танымал тұлғалары аталмыш мереке жайлы ойын ортаға салып, қоғам үн қатып жатыр.  Тарих ғылымдарының докторы Хангелді Әбжановтың айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күніне байланысты шешімі тарихты, мемлекеттік құрылысты, бетбұрысты оқиғаны тереңінен түсінгенінің көрінісі.

«Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күніне байланысты шешімі тарихты, мемлекеттік құрылысты, бетбұрысты оқиғаны тереңінен түсінгенінің көрінісі. Тоқаев та сол оқиғаның куәгері. Оның ғылыми тұрғыдан, саяси тұрғыдан, практикалық тұрғыдан ерекше сәт екенін қамсыз ұққаны. Өзінің бүгінгі құзыреттілігіне сүйене отырып тірілткені – өшкенім жанды, өлгенім тірілді дегеннің көрінісі, соның бір мысалы дегенді айтуға болады. Оның мұндай шешімге баруы – ішкі сұранысынан, интеллектуалды қажеттілігінен туындап отыр», – дейді тарих ғылымдарының докторы Хангелді Әбжанов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир