Алматыда желтоқсаншылар арасында спорттық жарыс өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай ұйымдастырылған тартысты додаға қаланың 8 ауданы қатысып, өзара жеңімпаздарды анықтады. Қатысушылар волейбол және асық ату сынды спорт түрінен өзара сайысты.
«Бүгінгі волейбол жарысында 8 ауданның төртеуі қатысса, кеше 5 аудан келді. Ал оның алдында 5 аудан өзара сайысып, осындай үлкен шараларды өткізіп жатырмыз. Енді ай сайын желтоқсаншылар арасында спорттық жарыс өткіземіз деген ойдамыз», – деді Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Дастан Қайратұлы.
Ауданаралық жарыстың басты мақсаты – желтоқсаншылардың басын қосып, ұйымшылдықты үлгі ету. Сондай-ақ жастарды жаман әдеттен аулақ болуға, оның орнына спортпен шұғылдануға шақыру. Сайысқа қатысушылардың сөзінше, аталмыш жарыс әділ өтіп, патриоттық рухты дәріптеуге өз септігін тигізді.
«Бұл – кейінгі жастарға патриоттық сезім беретін шара. Осындай шаралар арқылы олард патриоттық тұрғыдан тәрбиелей білуіміз, тарихты ұмыттырмауымыз қажет. Ойын барысы өте қызықты әрі тартысты өтіп жатыр», – деді «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Жандос Ырысбаев.