Мемлекеттік рәміздер күні: Алатау ауданында велошеру өтті

Шараға 30-дан астам жергілікті тұрғын қатысып, қолдау көрсетті

Мемлекеттік рәміздер күні: Алатау ауданында велошеру өтті

Мемлекеттік ту ұстаған 30-дан астам велошабандоз Алматының басты көшелерімен жүріп өтті. Алатау ауданында өткен шарада тұрғындар патриоттық әндер айтып, әнұранды бірге шырқады, деп хабарлайды Almaty.tv

Бұл жиналып тұрғандардың барлығы велошерудің басталуын тағатсыздана күтіп отыр. Олардың арасында қарапайым аудан тұрғындары мен спортшылар және әкімдік қызметкерлері бар. Нәтижесінде, 30-дан астам велошабандоз темір арбаларын көк тумен безендіріп, ауа райының қолайсыздығына қарамастан шеруді бастап кетті.  

«Біздің ту, гимн және елтаңба тәуелсіздігіміздің белгісі. Мен бұл өтіп жатқан шеруге еліміздің патриоты ретінде қуаныштымын»,– деді Алатау ауданының тұрғыны Жадыра Ережепова.

Көп ұзамай, қатысушылар Бауыржан Момышұлы мен Мөңке би көшелерінің қиылысынан бастап, Алматы аренаға дейін жүріп өтті. Кейін, бұл жерде Әнұран шырқалып, Алатау ауданы әкімінің орынбасары тұрғындарды мерекесімен құттықтады.  

«Жалпы кез келген ел үшін, мемлекет үшін ту, мемлекеттік рәміздер деген сол елдің егемендігін, тәуелсіздігін көрсетеді. Сондықтан, біз мемлекеттік рәміздерді әрқашан құрметтеуіміз қажет»,– деді Алатау ауданы әкімінің орынбасары Бектас Сәбитов.

Осылайша, Алатау ауданының тұрғындары патриоттық акцияға бір кісідей атсалысып, жоғары деңгейде атап өтті. Құрметті қазақ елі Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын! Туымыз әрқашан биіктен көрінсін!

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир