Алматыда желтоқсаншылардың құрметіне патриоттық әндер кеші өтті

Кешке бірқатар эстрада әншісімен қоса, айтыскер ақындар да қатысты

Алматыда желтоқсаншылардың құрметіне патриоттық әндер кеші өтті Almaty.tv

Алматыдағы Алатау дәстүрлі өнер театрының сахнасында да желтоқсаншылардың құрметіне патриоттық әндер кеші өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Кештің шымылдығын ашқан қалалық Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев концерт жастарды патриотизмге тәрбиелеуге бағытталғанын атап өтті.      

«Осы жылдан бастап «Азаттық алауы» атты патриоттық әндер коцертін ұйымдастыратын боламыз. Бұл концертті қоюдағы мақсатымыз желтоқсаншылармен бірге осындай кештерді ұйымдастырып, осы кешке шақыру арқылы оларға үлкен қуаныш сыйлау болған», – деді Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев.  

Патриоттық әндер кешіне бірқатар эстрада әншілерімен қоса, «Асыл домбыра» айтысының жеңімпазы Қазірет Бердіхан және «Алтын домбыра» айтыскерлер байқауының жеңімпазы Рүстем Қайыртайұлы да қатысты.  

«Бүгінгі Тәуелсіздігіміз үшін арғы тарихта ата-бабамыз ғасырлар бойы ақ найзаның ұшымен, білектің күшімен күресіп өтес, бергі тарихта Желтоқсан құрбандары өз өмірін қиды. Одан бері де 35 жыл уақыт өткен екен. Біз сол тарихты ешқашан ұмытпауымыз керек», – деді ҚР мәдениет қайраткері, әнші Өмірқұл Айниязов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир