Тәуелсіздікке 30 жыл: Түрксіб ауданында ардагерлер мен тұрғындарға мерекелік кеш өтті

Түрксіб ауданының әкімі атынан ұйымдастырушыларға алғыс хат табыс етілді

Тәуелсіздікке 30 жыл: Түрксіб ауданында ардагерлер мен тұрғындарға мерекелік кеш өтті Almaty.tv

Ел егемендігінің 30 жылдығына орай, Түрксіб ауданының орталығында көркем өнерпаздар ұжымының қатысуымен мерекелік кеш өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Концертке ардагерлер кеңесі мен жергілікті қала тұрғындары қатысты. Сондай-ақ Түрксіб ауданының әкімі атынан ұйымдастырушыларға алғысхаттар табыс етілді. Көпшілік ауданның күн санап көркейіп, жанданып келе жатқанын атап өтті. 

«Ел егемендігінің 30 жылдығына қарсы жақсы мерекелік концерттер өтіп жатыр. Түрксіб ауданы күннен күнге өсіп-өркендеп жатыр», – деді Түрксіб ауданының тұрғыны Анаркүл Құрманбаева.

«Бүгін  Түрксіб ауданының әкімдігі ардагерлерге тегін концерт өткізіп жатыр. Еліміз аман болсын. Тәуелсіздігіміз ұзағынан болсын», – дейді келесі бір тұрғын Роза Бажықова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир