Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай «Алматы» телеарнасының студиясында әнші Ердос Қанаевтың «Тәуелсіздік – тұғырым» атты әнінің тұсауы кесілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ердос Қанаев «Тәуелсіздік – тұғырым» туындысының музыкасын белгілі композитор Жарылқасын Дәулет, ал сөзін Серік Әбдуәлиев жазғанын айта келе, патриоттық рухтағы әндердің жас ұрпаққа елін сүюді үйретер ықпалына тоқталды.
«Әр отбасы тарихымызды, ұлттық салт‑дәстүрлі балаларына, өскелең ұрпаққа сіңіріп отырса, патриоттық сезімі жоғары, елін сүйер жастардың көп болатыны анық. Қазақта «Ер боламын деген ер ту көтереді, жер боламын деген ер шу көтереді» деген сөз бар. Қазіргі ұрпақтың еліміздің туын мақтанышпен ұстап жүргені қуантады. Жастардың бойына патриоттық әндер арқылы да Тәуелсіздіктің дәнін, қадір‑қасиетін себуге болады. Ата‑бабамыздың терімен, батырларымыздың қанымен келген Тәуелсіздік атты бақыттың қадірін білуді әрқашан насихаттап, мақтан тұтып жүруге міндеттіміз», – дейді әнші.